Ерекше фототүсірілім жасаған Айсәуле Бақытбек тағы сынға қалды
Аяғы ауыр Айсәуле Бақытбек ерекше фототүсірілім жасады. Ол Cosmopolitan журналының мұқабасына шықты, деп хабарлайды Stan.kz.

Фото: Азамат Кенжеғұлов
Айсәуле журнал үшін бірнеше образды таңдаған. Солардың бірінде ішін жалаңаштап түскені үшін сынға қалды.
"Қазақта ешқашан жүкті әйел ішін көрсетпеген көпшілікке. Не сұмдық мынау?" "Қазіргі жастар ештеңеден ұялмайтын болды. Екіқабат әйел, елдің алдында қарнын көрсеткені несі?" "Өте әдемісің, бірақ ішіңді жиі көрсете бермеші, көз деген бар", "Аман-есен босануыңа тілектеспін, бірақ мына фотоң ұнамады", "Күн сайын өзіңді көрсете берген күшті ма? Онсыз болмай ма?" "Ұят қайда?" - деп сынға алды оқырмандар.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді