Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерболат Беделхан үш бірдей баласына дүркіретіп той жасады (фото, видео)

“Орда” тобының әншісі, атушулы Ninety one тобының продюсері Ерболат Беделхан үш бірдей перзентіне арнап дүркіретіп той жасады. Беделханның тұңғышы мектеп табалдырығын аттаса, екінші перзенті, атұстары сүндеттелді. Ал кенжесі Інжудің тұсауы кесілді, деп хабарлайды Stan.kz.

21576793_493444731032119_638155204436426752_n

Ерболат Беделхан – шоу-бизнестегі ең жұмбақ продюсерлердің бірі. Ол отбасы, жеке өмірі туралы көп айта бермейді. Әлеуметтік желідегі парақшасын көбінесе шығармашылық бағытта жүргізеді. Алайда Беделхан келіншегі мен балаларының бар екенін ешқашан жасырған емес.

Оның жары Асыл да – өнер иесі. Қателеспесек, ол да бұрын отандық шоу-бизнестегі топтардың бірінде ән салған. Алайда тұрмыс құрып, ана атанғаннан кейін бар күшін негізгі “жұмысына” бағыттаған. Бүгінде Асыл Беделхан 91 тобының “екінші басшысына” айналған.

Жуырда Беделхандар әулеті той тойлады. Оған себеп үйдегі үш баланың қуанышы. Үлкен қыз Мейірленнің мектеп табалдырығын аттауына байланысты ата-анасы оған тілашар, оның інісі Мергенге сүндет той, ал үйдің кенжесі Інжуге тұсаукесер жасады.

21436116_124627834935682_5977113627142914048_n

Той суреттері әлеуметтік желіде пайда болды.

21436020_140741789867370_2606047444949008384_n

21434138_1494526990665893_5315384171852464128_n

Жіберіп алмаңыз:

Қытайлықпен дуэт айтқан Димаш ән байқауында оған 1-орын алып берді (видео)

Мұрат Қожаның бірінші әйелі туған күніне өнердегі ең танымал бикештерді шақырды (фото)

Айдана Меденова тұрмыста болса да өзін аңдып, артынан қалмайтын жігіттер туралы айтты (фото)

Ақбота Сейітмағамбет алғаш рет ата-анасының өлімі жайлы айтты (фото)

Талқылау