Әйелінің зиратына гүл әкелген ер азамат айыппұл арқалады
АҚШ-тағы Алабама штатында ер адамға қалыңдығының зиратына гүл қойғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Fox News басылымына сілтеме жасап.

Америкалық Уинстон Хаганс сүйіктісінің зиратына бірнеше рет гүл қалдырып кеткен. Ал қызының Хаганспен қарым-қатынасына қарсы болған әкесі ер адамды қоқыс тастады деп сотқа берген.
Судья ер адамды айыпты деп танып, қоқыс тастағаны үшін 50 доллар және сот отырысы үшін тағы 250 доллар төлеуге міндеттеген.
Басылымның мәліметінше, Уинстон Хаганс соттан қалыңдығының зиратына гүл қою үшін рұқсат сұраған. Ал сот марқұмның отбасы рұқсат берген жағдайда ғана шешім шығаратынын мәлімдеген.
Қалыңдықтың әкесі зираттың иесі болғандықтан, рұқсат бермеген. Нәтижесінде Хаганс зиратқа гүл қойып жатқан кезде ұсталған.
Егер ол әрі қарай да гүл әкеліуін жалғастырса, қамауға алынуы мүмкін.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр