Ер адам рәсім жасау үшін өліктердің тісін жұлып тастаған
Нигерияның Осун штатының полициясы өлген адамдардың тістерін жұлып тастаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vanguard News басылымына сілтеме жасап.

33 жастағы Афиз Одусаню Илеша қаласындағы зираттан мәйітті ұрлағаны үшін ұсталды.
"Мен мәйітті ақша рәсімі үшін пайдалабақ болдым. 2016 жылдан бері өлгендерді ұрлап, олардың кейбір дене мүшелерін рәсімдер үшін пайдаланғанмын, бірақ менің қолымнан ешнәрсе келмеді. Мен Осунада өлген адамның тісін жұлып жатқан жерімнен ұсталдым", - дейді ол.
Нигериялық азамат бірнеше жыл ішінде екі рет ақша рәсімін жасамақ болғанын, ол үшін Шагаму қаласында екі өліктің тісін жұлып алғанын айтты. Екі әрекеті де оған қаржылық табыс әкелмеген.
“Мен ақша рәсімін жасағысы келетіндерге, бұл рәсімнің жұмыс істемейтінін айтқым келеді”, – дейді ол.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті