Ер адам метрода қызды сипағаны үшін 16 жылдан кейін түрмеге қамалды
Француз қонақ үйінің қызметкері 16 жыл өткеннен кейін студент қызға қол тигізгені үшін түрмеге қамалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Бұл оқиға 2008 жылдың тамыз айында Лондон метросында болды. Сағат кешкі 18:00 шамасында 24 жастағы студент қыз метро вагонына кірген.
Жолаушылар көп болғандықтан қызға вагонның қабырғасына кеудесімен сүйеніп тұруға тура келеді. Бір кезде белгісіз ер адамның оған тиісе бастағанын сезеді. Оның әрекеті барған сайын жылдамдай түсіп, белі мен бөксе аймағына қол тигенін байқайды.
Бұл оқиғадан кейін жәбірленуші полицияға хабарласқан, алайда қылмыскерді бірден ұстау мүмкін болмаған. Тек 16 жыл өткеннен кейін, ДНҚ үлгілерінің көмегімен қылмыскер табылып, қамауға алынды.
Айыптау актісіне сәйкес ер адамның шалбарының бел аймағында тесік болған. Тергеу мәліметтері бойынша ол студент қызға жалаңаш жыныс мүшесімен үйкелген. Оқиғадан кейін студент қыз полицияға хабарласып, оның курткасынан ДНҚ үлгілері жиналды. Алайда шабуыл жасаған адам 16 жыл өткен соң ғана қолға түсті.
Франция полициясының қолына бұрын жиналған биологиялық үлгілер түсіп, олардың арқасында шабуылдаушының жеке басы анықталды. Ол 43 жастағы Жак Деза Джа болып шықты. Жак Парижде тұрып, жұмыс істеген. Бірақ кейде Ұлыбританияға сүйіктісіне қонаққа барып тұрған. Барлық дерек анықталғаннан кейін оны қамауға алып, 6 айға бас бостандығынан айырды.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда қызметте жүріп жыныстық азғындыққа ұшыраған қызметкерлер енді еңбек кодексімен қорғалуы мүмкін екенін жаздық. Қыз-келіншектерше қырындап, қол жүгірткендерді жазалайтын бап кеңейтіле түспек. Еңбек кодексінде жазылатын харассмент ұғымы тек еңбек ұжымдарын ғана емес, университеттер мен қоғамдық орындардағы да еркінен тыс тиісуді де қадағаламақ.