Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам әпкесін құтқару үшін 106 келіге арықтады

Ұлыбритания тұрғыны науқас әпкесін құтқарып, донор болу үшін 106 келіге арықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі SWNS порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: nypost.com

24 жастағы Мэттью Фланаган әпкесі Эммаға бүйрек трансплантациясы қажет екенін білген соң арықтауға мәжбүр болды. Дәрігерлер ер адамға салмағын жоғалтқан жағдайда ғана донорлық бағдарламаға қабылданатынын, әйтпесе трансплантация операциясы ол үшін тым қауіпті екенін айтты. 

"Өз денсаулығым үшін ғана емес, Эмманың өмірі үшін де өзгеруім керек болды", – деп түсіндірді Фланаган.

Ер адам дұрыс тамақтанбау салдарынан салмақ қосқанын мойындады. Оның айтуынша, бір жылдың ішінде ол азық-түлікке сегіз мың доллар (732 мың рубль) жұмсаған. Арнайы топ Фланаганға арықтауға көмектесті. Онда ол қолдау алып қана қоймай, өзінің сүйіктісін кездестірді.

"Бөлмемде отырып, бейне ойындарын ойнайтынмын. Ал  қазір серуендеуге асығып тұрамын", – деп мойындады Фланаган. 

Оның айтуынша, салмағын жоғалтқаннан кейін бірнеше жыл өткен соң, ол донорлық бағдарламаға қабылданды.



Еске салайық, бұған дейін үндістандық ер адам дұрыс тамақтану мен жаяу жүрудің арқасында спортзалға бармай-ақ 10 айда 23 келіге арықтағанын жаздық. Фитнес жаттықтырушысы Сатей Гохелдің айтуынша, оған Нирадж есімді кәсіпкер арықтағысы келгенін айтып, өтініш білдірген. Ер адамның жұмыс кестесі өте тығыз болғандықтан спортзалға бара алмаған.

Талқылау