Fly Arystan жолаушылары ұшақта екі сөмке алып жүрмек болған адамды жақтап шықты
Өзімен бірге алып жүруге болмайтын екі сөмкені ұшаққа алып кірген ер адамның кесірінен Fly Arystan бортында жанжал шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желілерде ұшақ жолаушысы мен полиция қызметкерлері арасындағы төбелестің видеолары таралып жатыр. Кадрлардан бірнеше тәртіп сақшысының ер адамды қалай алып кетуге тырысып жатқандығы көрсетілген. Осы уақытта басқа жолаушылар не болып жатқанын түсіріп, араша түсуге тырысуда.
"Осы жігіттің кесірінен біз Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұша алмай отырмыз. Расталмаған мәліметтер бойынша, жолаушы жүктерін ұшақ салонына тіркеусіз алып келген, артық ақша төлегісі келмеген. Ол үлкен екі сөмкені ұшаққа кіргізбек болған және спервайзерді итеріп жіберді. Барлығын ұшақтан түсіріп, иттермен тексерді", - делінген сипаттамада.
Белгілі болғандай, оқиға 30 мамыр күні FlyArystan ұшағында болған. Әуекомпания рейс Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағытталғанын растады.
"Рейстен тіртіпке бағынбаған жолаушы болды. Оны ұшақтан шығау қиын болғандықтан, рейс кешіктірілді. Жолаушыға қол сөмкелерін біл сөмкеге біріктіру туралы бірнеше рет ескерту жасалды. Қалған жолаушылар осы оқиғаға байланысты ыңғайсыздыққа тап болғаны өкінішті. Алайда, авиакомпания ережелерін сақтамаған жағдайда, біз авиациялық қауіпсіздік процедураларын орындауға мәжбүрміз", - деді FlyArystan баспасөз қызметі.
Соңғы уақыттары жолаушылар әуекомпанияның багаж саясатына шағымдана бастады. Пайдаланушылар авиакомпания қызметкерлері оларды пакет сатып алуға жіберетінін, осылайша тек қана 1 қол жүгінің болуын талап ететінін айтып шағымданған.
“Арзан авиакомпанияның жұмысы кәдімгі авиакомпаниялардан ерекшеленеді. Басты ерекшелік – сұраныс бойынша қосымша қызметтерді бөлек таңдауды ұсынады және бір адамға тек бір қол жүгіне рұқсат беретін "Piece Concept" жүк жүйесі 2021 жылы 1 наурызынан бастап толығымен енгіңзілген. Бұл ереже бойынша бір адам салмағы 5 кг-нан аспайтын 1 қол жүгін ғана алып жүре алады. Жүктің өлшемі 56х23х36 см", – делінген әуе компаниясының ережелерінде.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, 45 жастағы Нұр-Сұлтан тұрғыны тәртіпке бағынбаған.
"30 мамыр күні кешкі сағат 18.00 шамасында FlyArystan өкілінен хабарлама келіп түсті. Ұшақ бортында заң бұзушы болған және полиция отрядын талап еткен. Тексеру барысында жолаушы ережені бұзғаны анықталды әуе компаниясы қызметкерлері жоғарыда аталған жолаушыны тасымалдаудан бас тарту туралы акті жасады ", - деді Көліктегі полиция департаменті.
Алайда құқық бұзушы полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған. Жолаушы талаптарды орындаудан үзілді-кесілді бас тартты.
"Ер адам Алматы әуежайындағы полиция саптық бөлімінің кезекші бөліміне жеткізілді. Онда адвокаттың қатысуымен оған қатысты әкімшілік кодекстің 566 және 667-баптары бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды. Ол "құқық бұзушылық" әуе кемесіндегі жүріс-тұрыс ережелерін және заңды бұйрыққа немесе ішкі істер органының қызметкерінің өтінішіне бағынбау бабтары бойынша айыпталды", - деп толықтырды департаменттің баспасөз қызметі.