Ер адам 7 адамды кепілде ұстап отыр: Ішкі істер министрі Астанада банк бөлімшесін басып алған оқиға жайлы айтты
Кәсіби мамандар Каspi bank келушілерін кепілге алған басқыншымен келіссөздер жүргізуде. Бұл жөнінде ішкі министрлігі мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Кәсіби мамандар Каspi bank келушілерін кепілге алған басқыншымен келіссөздер жүргізуде. Болжам бойынша ол 7 адамды кепілде ұстап отыр. Оқиға орнында "Арлан" арнайы жасағының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Әскери қызметшілер арнайы операцияға тартылған жоқ”, – деп мәлімдеді полиция.
Шабуылдаушының полицияның берен сауытын кигені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.
Еске салайық, қарулы адам Астанадағы банктердің бірінің филиалына келушілерді басып алған. Ішінде жеті қыз бен бір күзетші бар екені хабарланды. Оқиға орнына арнайы жасақ келді. Kaspi банкінің баспасөз қызметі тек банк қызметкерлері ғана кепілге алынғанын хабарлады.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен
