Ер адам 15 жастағы қызын азғындамақ болған: Жасөспірім терезеден секірді
Ресейде ер адам 15 жасар қызына тиісіп, азғындамақ болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Shot Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәскеу облысында 34 жастағы мас ер адам қызының бөлмесіне барып, қасына жатып алған. Әкесінің ашуынан қорқып, қыз үндемеген. Алайда ер адам оның әурет жерлеріне қол тигізе бастаған. Қыз төсектен атып тұрып, бірінші қабаттан секірген.
Осыдан соң жігітімен кездесіп, полицияға жүгінді. Әкесіне қатысты "он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жәбірленуші әкесімен және өгей шешесімен бірге тұрған. Отбасында қыздың үш және алты жастағы інілері мен өгей анасының 13 және 17 жастағы қыздары бар.
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес