Эпидемиолог үнді шатаммын жұқтырған науқас ұзақ ауыратынын айтты
Коронавирустың "дельта" штаммында инкубациялық кезең өте қысқа болғанымен, науқас ұзақ уақыт ауырады. Бұл туралы РҒА корреспондент-мүшесі, Роспотребнадзор ОҒЗЭИ директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Александр Горелов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “РИА Новости” басылымына сілтеме жасап.

Маман вирустың адам ағзасында жылдам дамитынын айтты.
"Шынымен де, дельта штаммының генотипі вирустың жылдам таралуымен және аурудың ауыр формасымен ерекшеленеді. Жаңа штамм инкубациялық кезеңнің мерзіміне кейбір түзетулер енгізді – ол қысқарып, ал ауру ұзақтығы, керісінше, ұлғайып отыр. Өйткені коронавирус ауыр түрде өтеді", – деді Горелов.
Бұл ретте аурудың ауырлығы көп жағдайда иммунитеттің вируспен кездескендегі жай-күйіне байланысты болатынын айтты.
Сондай-ақ Горелов аурудан қорғану үшін COVID-19-ға қарсы вакцина алудың маңыздылығын атап өтті.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді