"Енесінен қорқып тұр": Желіге мәһрден бас тартқан қалыңдықтың видеосы тарады
Әлеуметтік желіде жас келіншек неке қию кезінде сұралатын мәһр сыйлығынан бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/ztb_kazakhstan/
Қоғамдағы өзекті тақырыптардың біріне айналған мәселе – неке сыйлығы. Қалыңдықтар неше түрлі сыйлықтарды күйеуінен талап етіп жатыр. Бірі мәһрге құны қымбат автокөлік сұрап жатса, енді бірі жеке ұшағының болғанын қалайтынын жасырмады.
Желіде неке сыйынан мүлдем бас тартқан жас келіннің видеосы қызу талқыға түсті.
"Мен мәһрді міндетті деп қабылдамаймын. Бастысы, ерімнің амандығы болса болды. Қалғанының бәрі Алланың қалауымен болар", – деп жауап қатты жас келін.
-
"Өзім қалаған дүние": Баян Мақсатқызы мәһрге не сұрағанын айтты
-
"Ұрпағыма мұра болып қалуы керек": Құралай Анарбекова мәһрге не сұрайтынын айтты
Жарының жауабына күйеу жігіт ризашылық білдірді. Ал қалыңдықтың құрбылары бірауыздан қолдады. Бірақ желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі жас келінді ақылды деп жатса, енді бірі қасында енесінің тұрғанын байқап қалған.
“Енесі қасында тұрғасын қорқып тұр. Жігіттің туысқандары тұрған жерде мәһр сұрала ма?”, “Мынадай келіншегің болса, айтқызбай-ақ әпересің”, “Кейін өкініп қалмашы”, “10 жыл бұрын алтын сақина сұрап едім, әлі алып берген жоқ”, деп жазып жатыр оқырман қауым.
Еске салайық, белгілі блогер Мөлдір Анарбаевның мәһр сұрайтын қыздарды сөккенін жазған едік.