Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумында мұнай тасымалы неліктен тоқтатылғанын түсіндірді
Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумы арқылы мұнай экспорты неліктен тоқтағанын түсіндірді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік мәліметіне сүйенсек, бұл жоспарлы шара. Яғни теңіз терминалыy жөндеу жұмыстары үшін уақытша тоқтатылған.
"Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалы жоспарлы жөндеуге 72 сағатқа тоқтатылғанын хабарлайды. Тоқтату алдын-ала жарияланған кесте бойынша жүзеге асырылады", - делінген ақпаратта.
Каспий құбыр консорциумында да бұл мәліметті растап отыр. Ақпаратқа сүйенсек, дәл осындай жоспарлы жөндеу жұмыстары жылына екі мәрте ұйымдастырылады екен.
Еске салайық, бұған дейін Каспий құбыр консорциумында 10 сәуірден бастап мұнай тасымалы тоқтатылғанын жазған едік.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі