"Енемізбен ауысайықшы": Енесімен шетелде жүрген Айсәуле Бақытбек жұртты қызықтырып қойды
Айсәуле Бақытбек енесімен қандай қарым-қатынаста екенін көрсетті. Ол екінші анасымен шетелде сусын ішіп отырған сәтін жариялап, келіндерді қызықтырып қойды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бұл сіздерге ене емес, ана", - деп бөлісті Бақытбек.
Көпшілік ене мен келіннің жылы қарым-қатынасына таңырқай қарады. Оқырмандар мұндай жағдайдың жиі кездеспейтінін атап өтті.
"Күйеудің анасымен қарым-қатынас барлық келіндерде осындай болсын", "Менің де енем осындай болса ғой. Енелерімізді ауыстырайықшы", "Сіздің енеңіз заманауи, көзқарасы түзу", "Мен де осындай супер ене болып, келінім мен немерелерімді жақсы көрсем ғой", "Күшті", "Мейірімді ене", - деп пікір білдірді желі қолданушылары.
Айта кетейік, Айсәуле Бақытбектің енесі онколог-дәрігер. Айсәуле бір үйдің жалғыз баласына тұрмысқа шыққан.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”