Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ене сіздей-ақ болсын!": Әнші Бүркіттің анасы келіні Аишаға өлең арнады

Танымал әнші Бүркіттің анасы, ақын Айша Көпжасарова жұлдызды келіні Аишаға арнап өлең жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/berkut_aibekjan/

Айта кетейік, Айша Көпжасарова – ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі. 

“Артық қылық көрсетпей, қиылып тұрған келінім.

Жақсы ісімен таңданып, қызығып тұрған келінім.

Артық ауыз сөйлемей, сызылып тұрған келінім.

Қас-қабағын үлкеннің аңғарып тұрған келінім.

Жаңалық көрсе қызығып, таңғалып тұрған келінім.

Атасының батасын сұрамай алған келінім.

Абайлап сөйлеп, әдептен шыға алмай қалған келінім", –

– деді әншінің анасы. 



Желі қолданушылары ұлты басқа болса да, қазақ келіндерінен артық қызмет қылған әнші Аишаны мақтап жатыр. 

“Қандай керемет ене?!”, “Келіні әнші болса да, қызғанбай қолдау білдіріп отырады”, “Ене сіздей-ақ болсын!”, ”Сыйласып өмір сүретін отбасы екені көрініп тұр”, “Аиша, жарайсың! Кейбір қазақтың келіндеріне үлгісіз”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Еске салайық,  Бүркіттің жары Аиша “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталған еді. 

 

Талқылау