"Енді жігітпен жүрмеймін": Ерке Есмахан өзін аяғы ауыр деп болжағандарға жауап берді
Ерке Есмахан жеке өміріне қатысты құпияның сырын ашты. Әнші қазіргі уақытта басы бос екенін және енді күйеуге шықпайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ ол өзін "аяғы ауыр" деп болжағандарға жауап берді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Жігітім жоқ! Енді жігітпен жүрмеймін деп айттым ғой сіздерге! Жігітпен жүрмеген соң, күйеуге де шықпаймын деген сөз. Талып құлап, онсыз өмір сүре алмайтындай біреуге ғашық боп жатсам, көрерміз. Жүрегім тыныш", – деді Есмахан.
Сондай-ақ әнші өзін аяғы ауыр деп болжағандарға жауап берді.
"Аяғым ауыр емес. Бұл тек ішімде орамал жиналып тұр. Жігітім, күйеуім жоқ! Күлге аунап туам ба?" – деді Ерке.

Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді