Енді Tesla-ның жүргізушісіз таксиін адамдар басқарады
Tesla роботтары мен жүргізушісіз таксилерін адамдар қашықтан басқаратын болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tesla сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: drive2.ru
Бұл ақпарат Tesla ресми сайтындағы бос орынға жарияланған хабарламадан белгілі болды.
- "Tesla-ға бәсеке өнім шығарған күні кино түсіруді қоямын": Гүлнұр Мамасарипова өзін сынағандарға жауап берді
“Компания адам операторларына болашақ робототаксистер мен гуманоид роботтарға қашықтан қол жеткізуге және басқаруға мүмкіндік беретін жүйе үшін бағдарламалық жасақтама инженерін жалдайды. Пало-Альтодағы бағдарламалық жасақтама инженері "талаптарды тұжырымдайды, жобалық шешімдерді қабылдайды және осы мамандандырылған телебасқару жүйесі үшін бағдарламалық қамтамасыз ету интеграциясын жүзеге асырады”, – делінген хабарламада.
Фото: tesla
2019 жылы миллиардер басшы 2020 жылға қарай жолдарда миллионнан астам робототакси болады деп болжаған еді. Сонымен қатар, Tesla апатқа ұшырау деңгейі жоғары автомобиль брендтерінің тізімінде көш бастаған.
Айта кетейік, бұған дейін Кәсіпкер Илон Маск Warner Bros киностудиясында Tesla компаниясының екі жаңа өнімінің прототиптерін көрсеткен еді.