"Енді сәлем салып жібер": Баян Алагөзова ұлттық шапан киіп, ел алдына шықты
Белгілі продюсер, актриса Баян Мақсатқызы ұлттық киім күніне құтты болсын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке парақшадан алынды
Баян Алагөзова журналист Динара Сәтжан және Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаевамен бірге түскен суретін жариялады. Үшеуі де қазақтың ұлттық киімі шапанды киген.
“Бет-жүзді тұмшалайтын қара киімнен гөрі ұлттық киімдеріміз әлдеқайда артық (Қ. Тоқаев). Ұлттық киім күні құтты болсын!” – деп жазды продюсер.
-
Маңғыстаулықтар қазақтың ұлттық киімін Гиннес рекордтар кітабына енгізбек
-
Қазақстандық оқушыларды мектепке ұлттық киіммен келуге мәжбүрлемеу керек – Оқу-ағарту министрі
Желі қолданушылары продюсердің жазбасына түрлі пікір білдіріп жатыр.
“Сәлем салуды жабайылыққа теңеген адамның шапан киіп тұрғаны біртүрлі екен”, “Ұлттық киімді ұлықтайтын кез жетті”, “Енді үшеуің сәлем салып жіберіңдер”, “Баянға бәрі жарасады”, – деп жазды көпшілік.
Айта кетейік, елімізде наурызнама онкүндігі жарияланды. 18 наурыз – Ұлттық киім күні. Бұл күн қазақ халқының құндылықтарын сақтау мен дәріптеуге арналған. Еліміз ұлттық киімдер күніне зер салып, оның мән-маңызына ерекше назар аудармақ.