Енді рұқсат етілмеген жерге қоқыс тастаған қазақстандықтарға салынатын айыппұл мөлшері ұлғайтылмақ
Рұқсат етілмеген жерге қоқыс тастаған тұрғындар енді қыруар айыппұл төлейді. Экология министрлігі тұрмыстық қалдықтарды арнайы орындарға төкпейтін қазақстандықтарға салынатын айыппұлдың мөлшерін көбейтуді ұсынып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Freepik.com
Енді габаритті қалдықтардан бөлек, ескі жиһаз, сынған тұрмыстық техниканы кез келген жерде қалдырған азаматтар қалтасынан қыруар қаржы санап беруі мүмкін.
Министрлік өкілдері "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекске өзгеріс енгізбек. Онда жеке тұлғаларға белгіленген айыппұл көлемін 185 мың теңгеден (50 АЕК) 740 мың теңгеге (200 АЕК) дейін ұлғайту көзделіп отыр. Ал лауазымды тұлғалар мен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 100-ден 700 АЕК-ке дейін өсіру қарастырылған.
Орта кәсіпкерлік субъектілеріне — 1000, ірі кәсіпкерліктер үшін 2000 АЕК-ке дейін өсіру ұсынылған. Өзгеріске сәйкес, заң талаптарын екінші рет бұзғандардың айыппұлы екі еселеніп, бизнесмендердің көлік құралдары мен мүлкі тәркіленеді.
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды
Қазақстандық оқушы ауа арқылы су тапшылығын жоюдың жолын қалай ойлап тапты: Оның өнертабысына шетел қызығуда
Ол жақында Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді