Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Енді өзбекстандықтар Ресей заңын бұзса, Қазақстанға кіре алмайды

Енді Өзбекстан азаматтары бұрын Ресей заңнамасын бұзған болса, Қазақстанға кірмеуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазақстанға келу-кету ережелеріндегі жаңашылдыққа байланысты сыртқы істер министрлігі Қазақстанға келетін Өзбекстан азаматтарына барлық қажетті құжатты өзімен бірге алып жүруді ұсынады.

“Ресей Федерациясында болған кезде тәртіп бұзса немесе айыппұл төленбесе, Қазақстан билігі Өзбекстан азаматының Қазақстанға келуіне немесе одан шығуына тыйым салу туралы шешім қабылдауы мүмкін", – делінген хабарламада.

Сыртқы істер министрлігі Өзбекстан азаматтары өзбек-қазақ немесе ресей-қазақ шекарасын кесіп өткен кезде Қазақстанға ғана емес, Ресей Федерациясына да кіруге ешқандай кедергілердің жоқ екеніне алдын ала көз жеткізуі керек екенін атап өтті. 

7 мамырда Тәжікстанның сыртқы істер министрлігі де өз азаматтарына Қазақстанға аттанар алдында барлық қажетті құжатты алуды ұсынған еді.

"Қазақстанның халықаралық әуежайларында енгізілген күшейтілген қауіпсіздік шараларына байланысты сыртқы істер министрлігі Тәжікстан азаматтарына Қазақстанға аттанар алдында өздерімен бірге барлық қажет құжатты алуды ұсынады", – делінген хабарламада.

Талқылау