"Енді менің қызым бар": Дина Төлепберген алғаш рет тұсаукесерден алған әсерін бөлісті
Белгілі журналист Дина Төлепберген алғаш рет тұсау кескенін айтып, қуанышын жасыра алмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/dina_tolepbergen/
БАҚ өкілі тұсау кесер рәсімінің тарихына да тоқталған.
“Бүгіннен бастап қызым бар. Иә-иә, сіз дәл таптыңыз! Алғаш рет тұсаукесер рәсімін орындау маған бұйырды. Зейнеп Ахметова апамыздың "Күретамыр" кітабында айтылғандай, тұсау кесу – сәби қаз тұрғаннан кейін, тез әрі жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін, болашағы жарқын болсын деген тілекпен жасалатын дәстүр. Қазақ халқы баланың аяғына ала жіп байлап, оны арнайы таңдаған қадірлі адамға кескізеді. Ақ пен қара түс – өмір-тіршіліктің нышаны, тұспалды бейнесі. Тағы білгенім, көнеде хан-сұлтандар балаларының тұсауын күмістен жасалған "тобықтағармен" кесіпті. Әлеуметтік статусты ерекшелегісі келген болар. Бәлкім, тек сәндік емес, адамның денсаулығын сақтауға арналған бұйым қастерлеген", – деді журналист.
Еске салайық, БАҚ өкілі әйелдерге арналған жаңа жобасын таныстырған еді. Мақсаты – қыз-келіншектерде кездесетін мәселелердің алдын-алу екен.
"Қызды да, ұлды да шаңырақ көтеруге асықтырмаңыздар! Мен, мәселен, 28 жасымда тұрмысқа шықтым. Сол уақытқа дейін құлағыма сағыздай жабысты "Кәрі қыз" деген жиіркенішті атау. Құтыла алмай жатқандай, "қашан тұрмысқа шығасың?" деп сұрау – манипуляция! Яғни жеке шекарадан аттау!", – деп жазған болатын Дина Төлепберген.