Енді қазақстандықтар ұялы байланыс нөмірін тіркеу үшін биометриядан өтеді
Енді қазақстандықтар ұялы байланыс қызметтерін алу үшін биометриядан өтуге тиіс. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Moneyman.ru
Азамат абонеттік нөмірді тіркеп, оператормен байланыс орнату үшін бет-жүзін сканерлейді.
Цифрлық даму министрлігі мамандарының мәлімдеуінше, бүгінде абоненттік нөмірлер арқылы адамның қаржысына қол сұғатындар көбейген. Аталмыш жоба алаяқтықтың алдын алмақ. Сондай-ақ интернетке кіру жүйесіне де өзгеріс енгізіледі. Егер азамат интернетті пайдаланғысы келсе, жеке басын куәландыратын құжатын тіркейді.
Министрлік ұсынған бастамаға халық әртүрлі реакция білдірді. Бірі мұны алаяқтықтан қорғау жолы, қауіпсіздік десе, басқалары бұл жеке дерегіміздің тарауына әсер етеді дейді.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"