Қазақстандықтарға сапасыз жол үшін ақы төлемеуге рұқсат берілмек
Фото: Николая Антоновского
Қазақстанда маусым айынан бастап жаңа ереже пайда болуы мүмкін. Енді жүргізушілер ақылы жолдардың сапасы нашар учаскелерінде жүргені үшін төлем жасамайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Көлік министрлігінің мәліметінше, қауіпсіздік пен қозғалысқа әсер ететін ақаулар тіркелген жолдарда жүргізушілер төлем жасамайды.
Жобаға сәйкес, төлемнен босату жол төсеміндегі бұзушылықтар толығымен жойылғанға дейін күшінде болады. Мысалы, 100 шақырымдық ақылы жолдың 5 шақырымы бұзылса, жүргізуші қалған 95 шақырымын ғана төлейді.
Министрлік мұның әділеттілік үшін, алымдарды жинау және жедел жөндеуді ынталандыру үшін жасалып жатқанын айтты. Қаңтар айында Павлодар облысында тас жолдардағы ақаулар үшін бес шенеунікке айыппұл салынды.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда ақылы жолдармен жүру тарифін төмендету ұсынылғаны туралы жазған едік.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен