Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Енді қайырымдылықпен айналыспаймын": Ырысбала Икрамбай күтпеген жаңалық айтты

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай қайырымдылық қорын жауып, енді үй алып берумен айналыспайтынын айтты. Ол жеке парақшасына жазба жариялап, мәселелеріңізді айтпаңыздар деді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 Осындай шешім қабылдауының себебін түсіндірмеді. 

“Халқым, еш реніш болмасын, сіздердің қолдауларыңызбен 87-үй табысталды. 88-үйді табыстаймыз, қазір керек-жарағын алып жүрміз. Маған енді "ауырып жатыр, күйеуі тастап кеткен, күйеуі қайтыс болған, қиын жағдайда, қарызға баттым, төлеп бер" деп проблемаларыңызды жазбаңыздар. Мен енді қайырымдылықпен айналыспаймын. Қорды жабамын, жапқанда қалған ақшаны да қайырымдылық жасап, есебін тапсырып, заңды түрде тоқтатамын", – дейді ол.

Ырысбаланың қолынан 87-үйдің кілтін қызылордалық отбасы алып еді. Одан кейін 71-үйдің кілтін алған отбасы үйді банкке кепілге өткізіп, көп мөлшерде ақша алған. Оның айтуынша, баспана сыйлаған көпбалалы әйелдің інісі бизнес бастаймын деп, үйді банкке кепілге қойып, несие алған. Алынған ақшаға Газель алған. Сонымен қатар отбасы үйді кепілге қойып қана қоймай, ішіндегі мүлікті де ломбардқа өткізгенін айтты. Теледидардан бастап кілемдеріне дейін ломбардқа өткізіп жібергенін білді. 

Айта кетейік, осы оқиғадан кейін блогер ер-азаматтарға реніш білдіргенін жазған болатынбыз. 

 

Талқылау