Енді Apple компаниясы ұрланған бөлшектері бар iPhone телефондарын бұғаттайды
Apple компаниясы ұрланған бөлшектер орнатылған iPhone телефондарын бұғаттап тастамақ. Жаңа мүмкіндік 16 қыркүйекте шығаруға жоспарланған iOS 18 жүйесіне енгізіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Forbes басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: freepik
iPhone компоненттерінің сериялық нөмірлері туралы ақпарат батареялар, камералар мен экрандарға пайдаланушы тіркелгісімен байланыстырылады.
Егер жөнделген құрылғыны қосқан кезде ол жаңа бөлік Activation Lock немесе Lost Mode функцияларына қосылған iPhone құрылғысынан алынғанын анықтаса, пайдаланушыға оның құлпын ашу үшін құпия сөзді енгізу қажет болады.
iOS 18 жаңа iPhone 16 сериялы үлгілеріне алдын ала орнатылады. Олардың сатылымы 20 қыркүйекте басталады.
Айта кетейік, бұған дейін 9 қыркүйекте Apple iPhone 16-ны ұсынған еді. Гаджет жаңа A18 процессорына ие. Компанияның мәлімдеуінше, бұл алдыңғы буын смартфондарының процессорынан 30% жылдамырақ.
Талқылау

“50 жыл басқа елде тұрған ата-анам артымнан еріп, көшіп келді”: Қазаққа келін болып түскен корейлік ару жаңа отбасы туралы айтып берді
Екатерина Жанғарина: "Екі үлкен шәугім сүті бар шай беріп, "құя бер" деді"

Желіде тілі шықпаған баланы қой ішегімен қылқындырғандардың видеосы тарады: Логопед-дефектолог ырымның үлкен қаупін айтты
Балаға психологиялық әрі физикалық қауіп төнеді