42500 теңге кімге тиесілі болуы керек: Еңбек министрлігі өзгерістер жайлы тағы да жариялады
Бүгін, 16 сәуірде, үкіметтің веб-сайтында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің төтенше жағдай кезіндегі төлемдер ережелеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрығы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Еңбек министрлігі төтенше жағдай кезінде әлеуметтік төлем алуға құқығы бар адамдардың санаттарын өзгертті.

42500 теңге кімге тиесілі болуы керек?
- жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта кәсіпорындардың қызметкерлері жалақысыз демалыста болған жағдайда;
- карантин енгізілген елді мекендерде жұмыс істейтін ірі кәсіпорындардың қызметкерлері, жалақысыз демалыста болған жағдайда;
- жеке тәжірибешілер;
- Қазақстан Республикасы cалық кодексінің 774-бабына сәйкес КС төлеуші болып табылатын жеке тұлғаларға;
- субъектілері міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жұмыстарды орындау болып табылатын келісімдері бойынша табыс алатын жеке тұлғалар;
- мемлекеттік емес жағдайларды қоспағанда, ақысыз еңбек демалысында жүрген коммерциялық емес заңды тұлғалардың қызметкерлері.
Бірінші және екінші тармақшалардың күші ұлттық басқарушы холдингтердің және ұлттық компаниялардың қызметкерлеріне қолданылмайды.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"