Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Емделу үшін зейнетақыны қалай алуға болады: Денсаулық сақтау министрлігі ережелерді жариялады

Денсаулық сақтау министрлігі ем алу үшін зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелерін әзірледі. Құжат қоғамдық талқылау үшін орналастырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жоба бойынша, зейнетақы төлемдерін ем алуға пайдалану үшін зейнетақы төлемдері есебінен емделуге жолдама беру туралы медициналық комиссияның қорытындысы керек. Ол үшін тіркелген жері бойынша медициналық ұйымға жүгіну қажет.

Зейнетақы төлемдерін алушы қаражатты жұбайын немесе жақын туыстарын емдеу үшін пайдаланса болады. Мұндай жағдайда екі өздерінің жеке шоттарында ЭСҚ куәландырылған біржолғы зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы келісім жасайды.  

Медициналық қызметке ақы төлеу шот арқылы жүзеге асырылады. Қолма-қол төлем жасау мүмкін болмайды.

Біржолғы зейнетақы төлемдерін емдеуге пайдалану ережелерінің толық мәтінімен мына жерден танысуға болады. 

Еске салсақ, осыған дейін парламент зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын алу туралы заң қабылдады.

Ережелердің толық мәтінімен осы жерден оқысаңыз болады. 

Талқылау