Эльжана Таниева Румыниядағы турнирде үздік ондыққа енді
Көркем гимнастикадан Париж олимпиадасының жолдама иегері Эльжана Таниева Румыниядағы турнирде 6-орынға табан тіреді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Эльжана Таниева олимпиада қарсаңындағы соңғы ірі турниріне қатысып, үздік ондыққа енді. Румынияның Клуж-Напока қаласында көркем гимнастикадан өткен әлем кубогінде Таниева көпсайыс қорытындысы бойынша 9-орынға табан тіреді. Ал шығыршықпен жаттығуда финалға шығып, 33.4 ұпаймен алтыншы орыннан көрінді. Олимпиада қарсаңындағы ең соңғы жарысқа Париж ойындарына жолдама алған барлық гимнаст қатысты.
Айта кетейік, Эльжана Таниева – Париж олимпиадасында көркем гимнастикадан өнер көрсететін жалғыз спортшы. Ол Ташкентте өткен Азия чемпионатында квота жеңіп алған еді.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан

