Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевке қатысты cоттың шешімі өзгертілмейтін болды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық алқасы бұрынғы үкімді күшінде қалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Еске сала кетейік, былтыр қазанда Сарыарқа ауданы №2 аудандық сотының судьясы Ибрагим Әлкенов Біртановты 5 жылға бас бостандығын шектеу туралы жаза тағайындаған еді. Бұрынғы денсаулық вице-министрі Олжас Әбішевке қатысты 4 жылға бас бостандығын шектеу туралы үкім шыққан. 

"Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының 2022 жылғы 28 қазандағы Елжан Біртановқа, Олжас Әбішевке қатысты үкімі өзгеріссіз қалдырылсын. Қорғаушылар мен сотталғандардың апелляциялық шағымдары қанағаттандырылмайды. Қаулы жария етілген сәттен бастап заңды күшіне енеді", - деді апелляциялық алқаның төрағалығы.

Бұған дейін сот Баранова мен Әбішевке сәйкесінше бес жыл төрт жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған болатын.

"Біртанов пен Әбішевтің пайдасына 1,3 миллиард теңгеден астам қаражат бірлесіп өндірілді. Осы үкіммен келіспей, сотталғандар мен олардың қорғаушылары сот актісіне апелляциялық тәртіппен шағымданып, Біртанов пен Әбішевті ақтауды сұрады. Апелляциялық шағымдарда келтірілген дәлелдер сот алқасымен зерттелді. Сот актісінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болмағандықтан, үкім өзгеріссіз қалдырылды және заңды күшіне енді", - деп түсіндірді сот.

Оларға мемлекеттік қызметпен айналысуға өмір бойы тыйым салынады. Сондай-ақ ескертусіз мекен-жайын өзгертуге болмайды.

Экс министр санитарлық авиацияны пайдалану ісі бойынша кінәсіз деп танылды.

Елжан Біртанов пен бұрынғы вице-министр Олжас Әбішев Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс істемейтін ақпараттандыру платформасын қабылдап, іске қосу арқылы қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылған болатын.

Осы платформа бойынша орындалмаған жұмыстың құны 4,5 млн доллар немесе 1,5 млрд теңге деп танылды.

Айнұр Мұхади
Жұма, 10 Ақпан, 2023 15:38
Талқылау