Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елорданың бас санитар дәрігері екінші тоқсанға қатысты жаңа қаулыға қол қойды

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пралиева елордалық мектеп оқушыларына қатысты жаңа қаулы шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

оқушылар

Жаңа қаулыда екінші тоқсаннан бастап жалпы білім беретін мектептерде 5 сынып, ал халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейінгі оқушылар үшін офлайн режимде оқитыны айтылған.

"1-5-сынып оқушылары үшін жалпы білім беретін мектептердің кезекші сыныптарынан және 1-7-сыныптан бастап халықаралық мектептерден басқа, сыныпта 15 балаға дейін жинақтау кезінде жұмысына жол берілетін білім беру объектілерінің жұмысын онлайн-оқыту режимінде ұйымдастырылсын. Оффлайн-режимде оқитын оқушылар арасында коронавирус инфекциясының бір жағдайы тіркелсе ата-аналардың өтініші бойынша барлық сыныптарды онлайн-оқытуға көшуге қатаң түрде жол беріледі", - делінген бас санитардың қаулысында.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының ішкі саясат басқармасы БАҚ пен әлеуметтік желі арқылы қабылданғын шешімдердің маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіруге міндеттелді. Жаңа ереже 2020 жылдың 14 қарашасынан бастап күшіне енбек.

Талқылау