Елордалық таксист шетелдік туристі әуежайдан қонақүйге дейін 40 мың теңгеге апарған
Астанада такси жүргізушісі Венгрия азаматын алдаған деп күдікке ілінді. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Фото: Кирилии Каллиников
Таксист шетелдік қонақты әуежайдан Желтоқсан көшесіне дейін 40 мың теңгеге апарған. Аталған бағыт бойынша ең қымбат бағаның өзі бұл бағадан 10 есе төмен. Таксистің әрекеті туралы туристің өзі полицияға хабарлапты.
“Жедел-іздестіру шаралары барысында шетелдікті алдап, әуежайдан қонақүйге дейін жалған бағаға апарған 33 жастағы ер адам ұсталды”, – деп хабарлады ІІД.
Қазіргі таңда құқық қорғаушылар “алаяқтық” бабы бойынша тексеруге кірісіп кетті.
Оқи отырыңыз:
Өзбекстанға қыдырып барған семейлік сол елде қамауға алынды
Жолаушылар Астана әуежайының жаңа терминалының жұмысына шағымданып жатыр
Дұға міндетті түрде қабыл болатын 25 жағдай
Қызылордалық ескі көліктен ауыл шаруашылығына жарамды «Джип» жасап алды (фото)
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған