Елордалықтарға далада спортпен шұғылдануға рұқсат етілді
Белсенді өмір салтын ұстанатын елорда тұрғындары енді сыртта жаттығу жасай алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы мәлімдеді.
Нұр-Сұлтанда спорт алаңдарында жүгіруге және жаттығу жасауға рұқсат берілді. Алайда атлеттер осыған дейін айтылған шектеу шараларын сақтауы керек.
Таңғы сағат 6-дан бастап аулада және оның айналасында, немесе өзі тұратын үйге жақын маңда спортпен шұғылдануға және жүгіруге рұқсат етіледі.
Бұл шектеу шаралары адамдардың өзара байланысын азайтып, осылайша коронавирус инфекциясының таралуын төмендету үшін қолданылады.
"Тексермесе, төлемей отыра береді": Алматы тұрғындары жолақысын төлемейтін жолаушылар көбейгеніне шағымданды
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр
Баланы ерте жастан мектепке беру оның болашағына инвестиция ма, әлде балалықты ұрлау ма?
Психолог ең алдымен баланың физикалық дайындығын ескеру қажет екенін жеткізді