Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордалық жезөкше өзінің "клиентін" тонап кетті

Нұр-Сұлтанда жеңіл жүрісті бойжеткеннің қызметін пайдаланған ер азамат 600 мың теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ақша"Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 28 жастағы әйелді ұстады. Тергеу барысында қыздың түнгі уақытта интимдік қызмет көрсету бойынша жұмыс істейтіні және Құдайбердіұлы көшесіндегі қонақүйге келгені анықталды. Содан кейін, клиенттің ұйықтап қалғанын пайдаланып, «Хуавей» маркалы ұялы телефоны мен 600 мың теңге ақшалай қаражатын ұрлап кеткен», - делінген ресми хабарламада.

Аталған фактімен «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

"Заттай айғақтар алынып, иесіне қайтарылды. Күдікті өз кінәсін мойындады. Оның елорда аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстығы тексеріліп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті сақ болуға, құнды қалдырмауға және карантин режимін сақтауға кеңес береді", - деп қосты ПД өкілдері. 
 

Талқылау