Елордада жүкті келіншек көпірден өзенге секіріп кеткен (видео)
Нұр-Сұлтанда көпірден секіріп кеткен жүкті әйелді полицей құтқарып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Қабанбай батыр даңғылында кезекші болған полицей Алмаз Құлтанов сағат 12:20 шамасында Рамстор сауда үйінің жанындағы Есіл өзеніндегі көпірде тұрған әйелді байқайды. Ол әлгі келіншектің суға секіруге бекінгенін аңғарады.
Полиция қызметкері мұны орталық басқару орталығының кезекшісіне хабарлап, оқиғаның алдын алу үшін бірден көпірге қарай бет алған. Бірақ сол сәтте әйел суық суға секіріп кеткен. Тәртіп сақшысы еш ойланбастан әйелдің артынан өзенге түседі. Әйелге жетіп, оны киімінен ұстап, жағалауға қарай келген. Осы кезде оның әріптестері екеуін судан шығаруға жәрдемдеседі. Жағалауда басқа полицейлер мен қала тұрғындары судағыларға көмек көрсеткен.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді