AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдыз Әбдукәрімова: Өзім туралы айтқан өсекке өзім де сеніп қала жаздадым

Жұлдыз Әбдукәрімова өзі туралы өсек-аяң айтқандарға жауап берді. Әншінің жары өзі туралы қауесетке өзі де сеніп қала жаздаған. Алайда шындыққа жанаспайтын ақпараттар көптеп айтылып жүр. 

“Сөзі бардың аузында сөз қалады, ісі бардың қолында нәтиже болады. Өзім туралы түрлі өсек естіп соңында өзім сеніп қала жаздадым. Қой, жұмыс істейін”, – деді актриса. 

Бұған дейін Жұлдыз Әбдукәрімова туралы қауесет айтылғанын енесі Гүлзира Айдарбекова да естіп, жағасын ұстаған еді. Кейіннен Жұлдыз бен Қайрат Нұртастың ажырасып кеткен туралы мәлімет тез тарады. 

Айдарбекова ұлының ажыраспағанын айтып ақталды. Әнші мен әйелі бұған қатысты ақпарат айтқан жоқ. 

Желідегі оқырманы бақыт тілеп, актрисаның сымбатына таңғалды. 

“Өсекке іліндім деген, есепке ілідім деген сөз. Есепте жүрсің, ол күшті ғой”, “Артыңыздан айтылған өсекті құлаққа ілмеңіз”, “Ақылына көркі сай қазақтың сұлу қызы. Сені тапқан анаң ақылды, байсалды әйел екені көрініп тұр ғой”, “Сәттілік. Танымал адамсыз артыңыздан сөз ерсе, бәрі көре алмайды. Әрекет жасай беріңіз”, “Кереметсіз! Ит үреді, керуен көшеді”, – деп жазды олар.


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр