Бізді мектепте "Қозы көрпеш Баян сұлу" деп атайтын: Гүлзира Айдарбекова ең алғашқы махаббаты жайлы айтты

Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова ағынан жарыла сұхбат берді. Өміріндегі ең алғашқ қадамдарын, ең алғашқы жеңісі мен жетістіктерін, ең алғашқы өкінішін айтты. Бала күнінен еңбекке араласқан қыз үлкен қалада үйім болса деп армандаған. Продюсер ханым армандарға жету жолындағы көрген қиындықтарын баяндады. 

Мақтаншақ: Гүлзира Айдарбекова өзін сынайтындарға жауап берді

Бұл туралы "Ең алғашқы" бағдарламасында айтылды. 

Гүлзира ханым Түркістан облысы, Кентау қаласының Шорнақ ауылында өмірге келген. Отбасында 8 ағайынды. Өзі үйінің жетінші баласы. Әкесі сыртқаттанып, төсекке таңылғандықтан жастайынан еңбек етіп, ақша табуға тырысқан. Мектепте белсенді оқушы, алғыр қыз болған. Оны туған ағасы да, сыныптастары да мойындайды. 

"Алғаш әкем төсек тартып қалғанда поштада газет тарататынмын. 90 сом жалақы алатынмын. Бұл әкемнің зейнетақысымен бірдей еді. Анама апарып беремін. Анам үй шаруасында болды. Үйдің үлкендері қалаға кетті. Үйдің тіршілігі менің мойнымда болды. Солай бала күнімізден ерте ысылдық", - деді продюсер. 

Гүлзира ханым оқушы күнінде-ақ бозбалалардың арманы болған. Тіпті оны махаббаттың символы деп атағандар бар. 

"Мен 8-сынып бітіріп, 9-сыныпқа барғанда 19 жігіт хат жазды. Маған көңіл білдірді. Мен мектепте белсенді едім. Содан көзге көп түстім. Ол кезде жігітпен қыдыру, кездесу деген әңгіме жоқ. Мектепте оқып жүргенде кездескен жігітім болды. Ол ең алғашқы махаббат. Біз өзгелерге үлгі болдық. Біз секілді жүргісі келетін. Бізді қосылмай кетеді деп ешкім ойламады. Кейін мен тұрмысқа шыққанда бәрі таңғалыпты. "Гүлзираның өзі жігітін әскерден күтпегенде, сен күтесің бе?" деп ауылдың жігіттері қыздарды айыптайтын болыпты. Ол жігіт туралы ашық айтқым келмейді. Ол балалық сезім ғой. Нағыз махаббатым қазіргі жолдасым. Қайрат нағыз махаббаттан туған бала", - деді Айдарбекова.

Гүлзира ханымның сыныптасы Алия ханым құрбысының қандай оқушы болғанын айтып өтті. 

"Гүлзира бала күнінен алғыр еді. Өжет болды. Ол ағысқа қарсы тұра алатын қыз еді. Қарсы шыққандарға қарсы шығатын. Оның кездескен жігіті болды. Оларды "Қозы көрпеш Баян сұлу" деп атайтын. Тіпті мұғалімдердің бірі ұрысса, енді бірі оларға тиіспеңдерші, сондай жарасады. Нағыз ғашықтар деп ақтап алушы еді", - деді Әлия ханым. 

Гүлзира Айдарбекова мектеп бітірген соң жоғары оқуға түсе алмаған. Алматыда ет комбинатында жұмыс істеген. Жатақханада құрбы қыздармен бірге тұрған. 

"Қасымда студент қыздар тұрды. Олар менің киімдерімді сұрап киетін. Менің жақсы киім киіп баратын жерім де болған жоқ. Менің болашағым жоқ деп жылайтынмын. Кейін Нұртаспен танысып, тұрмысқа шықтым. Жатақханада тұрдық. Нұртас екеуміз жатақхананың еденін жудық. Киім саттық. саудамен айналыстық. Солайша достарымыздың арасында алғаш болып үй алдық. Бала күнгі арманым - үлкен қалада тұру еді. Қазір елорда мен Алматыда үйім бар. Адам мақсат қойса, соған қарай еңбектенсе, міндетті түрде ойы іске асады. Менің соған көзім жетті", - деді продюсер. 

Әр адам барының қадірін білсе, кішкентай нәрседен ләззат алса, шын бақытты болады дейді ол. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр