Елордада өртеніп жатқан пәтерден жасөспірімді құтқару видеосы желіде пайда болды
Нұр-Сұлтандағы жанып жатқан пәтерден жасөспірімді құтқару видеосы желіде пайда болды. Видеода ер адамның төртінші қабаттың терезесіне қалай көтерілгені және жоғарыдағы терезеде тұрған кәмелетке толмаған баланы алып түскені байқалады.
Құтқару видеосын Қазақстан ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли YouTube-те жариялады. Құтқарушылардың бірі өмірін қатерге тігіп, төртінші қабаттың терезесінен жасөспірім ұстауға тырысқан. Ал басқалары құлаған жағдайда терезенің астына көрпе салды. Сайып келгенде, ер адам жәбірленушіні ұстап алып, оны терезеге сүйреп апарды.
Кейіннен жанкешті ерлікке барған Нұр-сұлтан қаласының тұрғыны Ақылбек Қыпшақбаев екені белгілі болды. Ерлігі мен батылдығы үшін ТЖ министрі Юрий Ильин "Өрттегі ерлігі үшін" төсбелгісін табыс етті.
Естеріңізге сала кетейік, өрт 23 сәуірде сағат екі шамасында Петров көшесі, 5-үйде болған. Сол кезде бала жалғыз өзі өртенген пәтерде болыпты. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін Ақылбек Қыпшақбаев жылап, көмек сұрап айқайлап жатқан баланы құтқаруға асықты. Ол бесінші қабатқа көтеріліп, темір есікті ашу мүмкін емесін біліп, ол төмендегі қабаттағы көршілердің үйіне кірген. Терезеден шығып, ол баланы қолына секіруге көндірді. Ақылбектің іс-әрекетінің арқасында жасөспірім тірі қалды.