Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордада мас әйел көлігімен қағып кеткен 2 жасар сәбидің жағдайы белгілі болды

Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті Нұр-Сұлтандағы апат құрбандарының жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

дтп

"2020 жылдың 22 маусымында сағат 21:18-де 103 пультіне адамдарды соққаны туралы қоңырау келіп түсті. ЖКО нәтижесінде төрт адам зардап шекті: 1990, 2001, 1998 жылы туған әйелдер және 2018 жылы туған бала.

Сәби № 2 қалалық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды. Ол жабық бас сүйек-ми жарақатын, бас миы жарақатын алған, аяғы сынға, травматикалық шок алған. Жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланады, жансақтау бөлімінде жатыр, қазіргі таңда нейрохирургия бөліміне ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Қалған зардап шеккендер бірнеше жарақаттармен травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына жеткізілді", - деді ведомствода.

Бұған дейін Нұр-Cұлтан қаласында мас күйінде көлік жүргізген әйел үш адамды қағып кеткені хабарланды.

Бұл ретте елорданың полиция департаменті мен қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің жәбірленушілер туралы мәліметтірі сәйкес келмейді. Біріншісі 3 адамның зардап шеккенін хабарласа, екіншісі 4 адамның ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді.

Талқылау