Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордада күйеуі әйелін өртеп жіберді: Өртенген әйел аялдамаға жүгіріп, куәгерлерден көмек сұраған

Елордада отбасылық жанжал кезінде күйеуі әйелін алдымен аямай ұрып-соғып, артынан бензин құйып, өртеп жіберген. Сұмдық жағдай қала іргесіндегі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының жанындағы аялдамада болды.

Денесінің басым бөлігін күйік шалған 38 жастағы әйел ауруханада жатыр. Ал, жан жарына айуандық жасаған қаскөйді  полицейлер ұстаған. Ол қылмысын мойындады ма? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқиға орнында киім, матаның жартысы күйіп, жартысы қалған. Азаматша осы жерге құлап, қамыстар арасында біраз қиналған сияқты. Біздің болжамымыз дұрыс болатын болса, азаматша екі аялдаманың біріне барып, куәгерлерден көмек сұраған.

Кеше күндіз он бірлер шамасында болған сұмдық жағдайда азаматшаны жұбайы алдымен соққының астына алған. Кейіннен әбден ол әбіржіген соң, үстіне бензин құйып, өртеп жіберген. Осылайша, асқан қатыгездікке барған күйеуі әйелін тастап кете берген.

«Жәбірленушінің денесінің 75 пайызын күйік шалған. Басынан тізесіне дейін сау жері жоқ. Қазіргі дейін жағдайы өте ауыр. Қандай да бір болжам айту өте қиын», - дейді дәрігер Татьяна Лебига. 

Айуандыққа барған ер кісі полицейлер қолында. Күдікті қылмысын толық мойындаған.

«Осы дерек бойынша «кісі өлтіруге ұмтылу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті, 43 жастағы әйелдің күйеуі анықталып ұсталды. Ол уақытша қамау изоляторына қамауға алынды», - деді қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы София Қылышбекова. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда балалармен митингіге шыққан ата-аналар жазаланады

Мәжіліс депутаттары заң енетін түзетулермен келісті

Қазақстан президентінің кеңесшісі тағайындалды

Президент Әлия Рақышеваны қызметінен босатты

"Байбек секілді ұстап алғыларың келе ме?": Шөкеев Түркістанда түскі ас құны қанша екенін айтты

Шөкеев: "Бір кездегі 500 теңгелік түскі ас туралы айтқан Бауыржан Байбек секілді ұстап алғыларыңыз келе ме?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанда құс тұмауы жоқ екенін мәлімдеді

Қазақстан құс тұмауынан аулақ болған ел болып танылды

Бірінші орында Lada: Қазақстандықтар қандай отандық құрама көліктерді сатып алады

Қазақстандықтар отандық құрама машиналарын сатып алуда белсенді бола бастады

Ғалымдар артық салмақтан арылудың ең оңай жолын айтты

Мамандар: Құпия кілті – физикалық белсенділік

"Өліп қаламын ба деп қорықтым": Ер адам дәрігерлердің сөзінен кейін 215 келіге арықтады

Ер адам: Клиникадан шыққаннан кейін отыра қалып, еңіреп жыладым

Ресейлік шұжықтан африкалық оба дерті анықталды

Вирус жылдың кез-келген уақытында тез тарала бастайды

"Менің де саясаттан хабарым жоқ": Зеленскийдің "сыңары" арасында оны алмастырып тұруға дайын екенін айтты

Умид Исабаев жуырда Мәскеуге көшіп барған болатын

Дәрігер өзін камераға түсірмек болған әншінің басын жарып, соққының астына алды

Оқиға сұлулық салонында болды
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр