Елордада карантинді бұзғаны үшін түнгі клуб әкімшісі қамауға алынды
Елордада клуб әкімшісі карантинді бірнеше рет бұзғаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Нұр-сұлтан ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Түнде сағат 01.35-те жергілікті полиция қызметкерлері әкімшілік учаскені аралау барысында түнгі клубта карантинді бұзу фактісін анықтады. Түнгі клубтардың жұмысына тыйым салынғанына қарамастан 30-ға жуық адам болған.
- Нұр-Сұлтанда 65 адам түнгі клубтан полиция бөлімшесіне жеткізілді
- Құда түсіп, қыз ұзатқан: Алматыда той жасағандарға 5 млн теңге айыппұл салынды
Бұған дейін 25 жастағы клуб әкімшісіне бірнеше рет ескерту берілген екен. Әкімшілік жауапкершілікке де тартылған, бірақ мекеме қызметін жалғастырған.
Түнгі клубтың әкімшісіне қатысты әкімшілік материал қозғалды. Ол Нұр-Сұлтанның мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралды. Сот кінәлі деп танып, бір тәулікке қамауға алды.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"