Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда 65 адам түнгі клубтан полиция бөлімшесіне жеткізілді

Түнгі клубтан карантинді бұзғаны үшін 65 адам полицияға жеткізілді. Ойын-сауық мекемесінің иелеріне айыппұл салынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдары түнгі тыныштықты бұзып, кальян шеккені үшін полицияға «Аура» түнгі клубынан 65 адамды алып келді. Ойын-сауық мекемесінің иелері айыппұл төлеуге мәжбүр.

"26 қыркүйекте сағат 01:33-те 102 пультіне бірнеше рет Нұр-Сұлтандағы  «Аура» түнгі клубында шу шығып, тыныштықты бұзды деген шағым түскен.  Тексеру кезінде полицейлер заң бұзушылықты фото және видео жазба арқылы тіркеді. Түнде тыныштықты бұзғаны үшін, сондай-ақ карантин режимін бұзғаны үшін 65 азамат полиция бөлімшесіне жеткізілді", - деп хабарлады Есіл аудандық полиция бөлімі.



Тәртіп бұзушыларға қатысты 65 әкімшілік хаттама жасалды, оның 63-і түнде тыныштықты бұзғаны үшін, екеуі кальян шеккені үшін айыпталған. Сондай-ақ, "Искра" экипаждары алкогольдік мас күйінде көлік жүргізудің төрт фактісін және автокөлікті құжатсыз жүргізудің бір фактісін анықтады.

"Аура" түнгі клубының әкімшілігіне халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзғаны үшін айып тағылды. 

Талқылау