Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордада шетелдік бала күтуші жалдаған ерлі-зайыптылар бармақтарын тістеп қалды

Нұр-Сұлтан қаласында 36 жастағы ресейлік азаматша бір отбасыны тонап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ұры

Бұл туралы елордалық ПД өкілдері мәлім етті. 

Ресми деректерге сәйкес, ерлі-зайыптының үйінде бала күтуші болып жұмыс істеген әйел үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, пәтерден алтын жүзікті, иіссу мен жеке заттарды ұрлап кеткен. Осылайша ол 400 мың теңгенің заттарын жымқырған.

Жедел іздестіру жұмыстары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің қай жерде жүргенін анықтаған.

"Ұрлық жасаған әйел жымқырған дүниелерін сатып жіберіп, Алматыға шығып кеткен. Ол жақта да бала күтуші болып жұмысқа тұрған. Астанаға жеткізілген РФ азаматы кінәсін мойындап отыр. Сонымен бірге, оның бұрын да сотты болғаны анықталды. Аталмыш іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде", -делінген ресми хабарламада.

Ұсталған әйелдің осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталуда.


 

Талқылау