Елорда маңында бір апта жанған өрт сөндірілді
Төтенше жағдайлар министрлігі Астана маңындағы өрттің сөндірілгенін хабарлады. Еске салайық 80 гектарға жайылған жалын 19 маусымда тұтанған еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Министрлік дерегіне сүйенсек, өрт бүгін түске таман толық сөндірілген.
“Елордалық өрт сөндірушілердің күшімен Талдыкөл көлінің ауданында 80 га алаңдағы сортаңды жерде қамыс пен құрғақ шөптің жануы бүгін сағат 11.22-де жойылды”, - деп жазылған ақпаратта.
Еске салайық, бұған дейін Елордалық ТЖД өрт сөндірушілері 80 гектар аумақтағы жалынмен бірнеше күннен бері күресіп жатқанын жазған едік. Алғашқы үш күнде авиация көлемі 447 тонна суды 149 рет ағызды.
Жалынды сөндіруге 34 адам, сегіз бірлік техника жұмылдырылды.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған
