Елорда әкімдігі: Сағат 23:00-ден кейін қалада серуендеуге тыйым салынған жоқ
Елорда әкімдігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ақмарал Олжабаева сағат 23:00-ден кейін қалада серуендеуге тыйым салынады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жанна Пралиеваның 2020 жылғы 3 шілдедегі жарлығында көрсетілген барлық ережелер сақталады. Олардың 2 тамызға дейін ұзартылғанын атап өткім келеді. 23:00-ден кейін серуендеуге тыйым салу туралы ереже жоқ. Тек сенімді, ресми ақпаратқа сенуді сұраймыз. Сондай-ақ, қоғамдық көлік жұмысы әлі жаңартылмайтынын атап өткім келеді", - деп түсіндірді Ақмарал Олжабаева.
Бұған дейін қаланың бас мемлекеттік санитардәрігері Жанна Пралиеваның қаулысына сәйкес сағат 23:00-ден кейін қала бойынша жаяу жүруге тыйым салынатыны туралы ақпарат таралды.
Қазақстанда үйді міндетті сақтандыру қалай жұмыс істейді: Жылына қанша төлеп, апат болса қанша ақша алуға болады
Жоба әуелі үш өңірде сынақтан өткізіліп, кейін 16 өңірге енгізілмек
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған