Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтан тұрғындарына 23:00-ден кейін жаяу жүруге тыйым салынды: Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты

Нұр-Сұлтан тұрғындарына карантин кезеңінде, яғни 2 тамызға дейін сағат 23:00-ден кейін қалада жаяу жүруге болмайды. Бұл туралы елорданың бас санитар дәрігері Жанна Пралиеваның қаулысында бекітілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұр-Сұлтан

"Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары келесі талаптарды қатаң сақтауды жалғастырсын: қала тұрғындары мен қонақтарының қала бойынша сағат 23:00-ден кейін жаяу жүруіне тыйым салу", - делінген құжатта.

65 жастан асқан адамдардың қала және басқа да қоғамдық орындар бойынша жүруі шектеледі.

19 шілдеден 2 тамызға дейін ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларға, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларына, форумдарға, конференцияларға, семинарларға, кездесулерге тыйым салынады.

"Үш адамнан көп емес немесе бір отбасы мүшелерін қоспағанда, табиғатқа экскурсиялық, корпоративтік, топтық сапарды ұйымдастыруға және рұқсат етілмеген жағажайларда суға түсуге тыйым салу", - делінген құжатта.

Жұмыс орнына және кері қарай қозғалуға, аулаларда серуендеуге және саябақтарға, алаңдарға, скверлерге, жағалауларға бару үшін жалғыз, ал топтарда – үш адамнан аспайтын серуендеуге рұқсат етіледі.

Қаулы 2020 жылғы 19 шілдеде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігерінің қаулысының толық мәтінін мына жерден көруге болады.

Талқылау