Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізге көш басын бұрған қандастарды қабылдайтын өңірлер тізімі қайта қаралмақ

Елімізге қоныс аударушылар мен қандастарды қабылдайтын елді-мекендердің тізбегі қайта құрылымдалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жоба “АшықНҚА” порталында қоғам талқылауына шығарылған. Ұлттық экономика министрлігі көтерген “Ауылдарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту” құжатында тіпті бірқатар өңірлер қоныстандыру аймақтарынан алынып тасталған. 

“Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдайтын өңірлердің тізбесі қайта қаралады. Атап айтқанда, халық саны көп аймақтардан еңбек күші тапшы болып отырған шекара маңындағы аумақтарға көшіру қарастырылады. Ол көші-қон саясатын тиімді іске асыру үшін қажет. Бұл ретте қоныстандыру аймақтарынан Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының алынып тасталғаны ескеріледі”, - деп жазылған құжатта. 

Бұл мәселе 15 маусымға дейін қоғамның ашық талқылауында болады. 

Еске салайық, бұған дейін өзге елдің азаматтығын алған этникалық қазақтар шілде айынан бастап Қазақстанда 10 жыл тұруға рұқсат ала алатынын жазған едік. 

Талқылау