Елімізге қаңтарда "Спутник Лайт" вакцинасының 150 мың дозасы әкелінеді
Қазақстан Республикасы үкімет кулуарында Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова "Спутник Лайт" вакцинасын жеткізу бойынша келіссөз туралы айтты. Бұл вакцина тұрғындарды қайта вакциналау үшін қолданылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жеткізушілермен келіссөздер күнделікті жүреді. "Спутник Лайт" бойынша келіссөз аяқталды", - деді Айжан Есмағамбетова.
Оның сөзінше, 2022 жылдың 1 тоқсанында 1 миллион доза жеткізілуі керекң. Оның 150 мың дозасы қаңтар айының басында әкелінеді.
Елімізде 9,2 миллион адам қайта вакциналаудан өтуі керек. Оның 400 мыңы вакцинаның үшінші дозасын алған.
Қазақстан халқына қоры Zolgensma препаратын сатып алуға көмектеспейтін болды: Дертке шалдыққан балалардың ата-аналары алаңдаулы
Қазақстандықтар: "Миллиондаған ақшаны түрлі концерттер, қажетсіз дүниелерге жұмсағанша, әр балаға көмектессін!”
Алматыда жаңбырдан соң көліктер батпаққа батып, жолдар опырылды
Тұрғындар жауын-шашын басталмай тұрып жолды ретке келтіруді сұраған, алайда орындалмаған