Еліміздің пойыздарында әйелдер вагоны пайда болды
Алматы-Өскемен және Алматы-Маңғыстау бағыттарында тек әйелдерге арнаған вагондар пайда болды. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз-қызметіндегілер мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сырттай вагонның өзге вагондардан айырмашылығы жоқ. Билет құны да бірдей. Билет сатып алғанда әйелдерден қандай вагонды таңдайтынын сұрайды.
Егер арнайы вагонды таңдаса, билет сатып алған нәзік жандыларды вагонға орналастырады.Сонымен қатар мұндай вагонға 7 жасқа дейінгі ұл балалардың кіруіне болады, бірақ жанында ересек адамның болуы міндетті.
Болашақта әйелдер вагонына сұраныс артса, санын көбейту жоспарланып отыр. Арнайы вагонның алғашқысы Алматы-2 теміржол вокзалынан жексенбі, 10-қазанда жолға шыққан. Жолаушы әйелдер вагонның тиімділігін айтып, келешекте өзге де бағыттарда пайда болуын қолдайтынын жеткізген.

"Ауыз қуысынан, іш киімінен бірнеше ер адамның шәуеті табылған": Соңғы бес жылда қоғамдық шу тудырған сарбаздар ісі
