Еліміздің қай өңірлерінде құрғақшылық күтіледі: Шілдеге арналған болжам жарияланды
"Қазгидромет" мамандары еліміздің басым бөлігінде құрғақшылық болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жауын-шашынның стандартталған индексі болжамына сәйкес жауын-шашын тапшылығы Ақмола облысының Қорғалжын ауданында, Ақтөбе облысының Айтекеби және Хромтау аудандарында, Алматы облысының Алакөл ауданында байқалады. Сонымен қатар Қарағанды облысының Нұра және Қарқаралы аудандарында, Қостанай облысының Амангелді және Жангелдин аудандарында, Маңғыстау облысының Бейнеу және Маңғыстау аудандарында, Абай облысының Семей қаласы маңайында жауын азаяды деп күтіледі.
Құрғақшылық Қызылорда облысының Қармақшы ауданында және Маңғыстау облысының Қарақия ауданында болжанды. Қазақстанның қалған аумақтарында ылғалдану жағдайлары нормаға жақын. Ал Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының жеке аудандарында оңтайлы болады.
Түлкілер неге қала ішіне емін-еркін кіріп, қар барыстары төмен түсті: Зоолог Алматыдағы жағдайды түсіндірді
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді