Еліміздің 7 аймағында аптап ыстық болады
Қазақстанның 7 аймағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

3-4 маусым күндері Атырау облысында ауаның температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі, күн күркіреп, шаңды дауыл болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін көтеріліп, күн 35-37 градусқа дейін ысиды.
Қызылорда облысында ауа температурасы 47 градусқа дейін көтеріледі, кейбір жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
3-5 маусымда Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Алматы облыстарында 35-38, 40-42 градусқа дейін ыстық болады.
Ауа температурасының жоғары болуына қарамастан, су қоймаларындағы су әлі жылынған жоқ, сондықтан шомылуға әлі ерте.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған