Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда карантин ұзартылады: Бұған кім жауапты?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен еліміздегі карантин тағы екі аптаға ұзартылды. Сөзінше, бұл коронавирус індетіне шалдығушылардың және соның салдарынан болатын өлім-жітімнің көрсеткішін одан әрі төмендетудің аса маңызды. Осыған орай Stan.kz редакциясы Қазақстанның аймақтары бойынша әлі қанша адам коронавируспен ауырып жатқанын анықтап көрген еді.

Еске салайық, бұған дейін Тоқаев эпидемиялогиялық жағдайдың ушығып кетуіне байланысты бірқатар әкімдер мен шенеуніктерге қатаң сөгіс жариялаған болатын. Жұмысына салғырт қарағаны үшін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов, Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов және ведомствоаралық комиссияның төрағасы Ералы Тоғжанов президенттің сынына қалған еді. 

Сондай-ақ мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновке, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевке ескерту жасады. 

Президент ескерту жасағаннан бері бір ай уақыт өтті. Еліміздің эпидемиялогиялық жағдайы өзгерді ме? Осы тұрғыда коронавируспен әлі ауырып жатқан адамдардың санына назар аударсақ: 

график

Мәселен науқастардың саны жөнінен еліміз бойынша бірінші орынға шыққан Алматы қаласында 11236 адам коронавирус жұқтырса, олардың 6850-і аурудан айығып, тағы 111 індеттен көз жұмған. Қазіргі таңда қалада 4275 науқас коронавирусқа қарсы ем қабылдауда. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бүгіннің өзінде мегаполистегі ауруханаларда төсек-орындардың жартысынан көбі бос, тек 47 пайызы ғана қолданылып жатқанын атап өткен еді. Қала басшысы ең жағымсыз сценарийге дайын болу керектігін айтып, алдағы уақытта Алматыда тағы бір инфекциялық аурухана салынатындығын жеткізді. 


Сағынтаев

Президенттен қатаң сөгіс алған Махамбет Досмұхамбетов басқарып отырған Атырау облысында науқастардың саны 10111-ге жетіп отыр: 6544 науқас аурудан жазылған, 22-сі көз жұмды. Қалған 3534 науқас ем қабылдауда. Аймақтағы қиын жағдай туралы Тоқаевтың өзі пікір білдірген еді. Осыған байланысты мемлекет басшысы бұл шенеунікке жасалған соңғы ескерту екенін айтты.

 

Досмұхамбетов

Қарағанды облысындағы жағдай да мәз емес. Қазіргі таңда аурумен күресіп жатқандардың саны 3092 адам болып отыр. Облыста жалпы 8305 коронавирус жұқтырған, оның ішінде 5076 адам емделіп шықса, 137-сі індеттен ажал құшты. Өңір әкімі Жеңіс Қасымбектің президентке берген есебінде провизорлық және инфекциялық госпитальдарда 4 427 төсек орын бар, оның ішінде 1 746 орында науқастар ем алып жатқанын, инфекциялық стационарлардағы жүктеме үлесі - 38%, провизорлықта - 42% екенін айтыпты. Осы тұрғыда Қарағанды облысында ауруханалардағы төсек-орын жетіспеушілігінің салдарынан қонақ үйлер мен университет жатақханалары станционарларға бейімделгенін ескеру қажет. 

Басқа аймақтармен салыстырғанда Нұр-Сұлтанда коронавирустан емделіп шыққандардың саны айтарлықтай азайған. Мәселен, қалада індетке шалдыққан 10570 науқастың 7607-сі ауруханадан шығарылған. Алайда елорда коронавирустан көз жұмғандар жөнінен көш бастап тұр: жалпы 205 адам қатерлі аурудан қаза болған. Әкімдіктің мәліметінше, коронавирус стационарларына түскен науқастар саны 50,3%-ға азайған. Шаһар әкімі Алтай Көлгіновтың айтуынша, осыған орай елордада карантинді кезең-кезеңімен жеңілдетуге дайындық жүргізілуде екен. Айта кетейік, бүгінде қалада 2758 адам коронавирустан емделуін жалғастыруда. 

Көлгінов

Коронавируспен ауырып жатқан науқастардың саны жөнінен келесі орынға Шығыс Қазақстан облысы табан тірепті. Қазір аймақта 2135 адам коронавирустан емделуде. Десек те жоғарыда айтылған өңірлермен салыстырғанда ШҚО-да науқастардың жалпы саны әлдеқайда төмен - 5864. Олардың 3701-і індеттен айықса, тағы 28 адам коронавирустан қаза болған. Облыс басшысы Даниал Ахметов науқастарға қажетті дәрі-дәрмекті арнайы Татарстаннан алдыртыпты. Бұған қоса әкім ауруханада ем алып жатқандардың оттегі концентрантымен қамтамасыз етілуіне көңіл бөлуде. Оның сөзіне сүйенсек, өңірде 465 концентратор бар көрінеді. 

Даниал АхметовАйта кетейік, күні кеше ғана облыс пен қала басшылары президентке есеп берген. Аймақ басшыларының сөздеріне сүйенсек, барлық жақта жағдай тұрақталып келеді, науқастардың саны азайған. 

Енді екі аптадан кейін не боларын тек уақыт көрсетеді. Алайда Тоқаевтың сөзіне сенсек, егер Қазақстандағы ахуал басылмаса, президент өңір басшылары түгілі, үкіметті таратып жіберуге ниетті көрінеді. 

Талқылау